"Жергілікті кадрды әкім ету керек еді." Ертісбаев Көлгінов кеткенде трайбализм жайлы айтты

7358
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Премьер-Министрдің орынбасары лауазымынан босатылған Алтай Көлгінов туралы пікірін білдірді. Бұл туралы олы желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айтуынша, Алтай Көлгіновтың орнынан босатылуының басты себебі су проблемаларынан туындап отыр.

"Алтай Көлгіновтың орнынан босатылуының басты себебі, қазір туындаған барлық су проблемалары деп ойлаймын. Бұл астананың жан түршігерлік мәселесі. Өткен жылы 20 тамызда Халық партиясы  жүздеген адамнан тұратын митинг ұйымдастырды. Митингте өзім сөз сөйледім. Халықтық партия Талдыкөл қаласы әкімдігінің жұмысын қатаң сынға алды. Олар рұқсатсыз ғимараттарды салу арқылы табиғатты бүлдірді. Меніңше, бұл тазалық жұмыстарын жүргізудегі жемқорлық. Бұл әр қыста тілге тиек болады,"- деді ол.

Сондай-ақ, ол жергілікті кадрды әкім ету керегін айта кетті.

"Трайбализмді де айтуға болады.  Алтайдың өзі Түркістанның тумасы. Алтай мені естиді деп ойлаймын.  Ол мені таниды, біз онымен сөйлестік. Бірақ менің айтарым бұл - масқаралық. Осында әкімдікке түркістандықтардың 80 пайыздан астамын әкелді. Яғни, осының бәрі жиналып, әлеуметтік саланың тізгінін ұстай бастады. Неліктен онда жауап алмайды? Өйткені, премьер-министрдің орынбасары болып жұмыс істеді. Мүмкін қателесетін де шығармын.  Бірақ бұл менің көзқарасым, менің ойым. Меніңше, практикаға қайта оралу керек. Барлық аймақтарда сапа бірінші орында тұруы қажет. Басшылыққа жергілікті кадрды тағайындауымыз керек. Мәселен, Жақсыбековті немесе Маминді айтайық. Олар қалай болғанда да, астананың жергілікті тұрғындары. Тасмағамбетовті де айтуға болады. Міне, мен астананың сәтті әкімі ретінде үшеуін айта аламын",- деді Ермұхамет Ертісбаев.

Пікірлер