«TURKISTAN» газетіне – 25 жыл

1636
Adyrna.kz Telegram

«TURKISTAN» газетінің мерейтойы – қазақ баспасөзінің тойы. Ертең Халықаралық «TURKISTAN» газетінің 25 жылдығына орай журналистер арасында боулингтен турнир өтеді. Оған Алматы қаласындағы ақпарат өкілдері қатысып, бақ сынайды. Мұндағы мақсат – тілші қауымы арасындағы ауызбірлік пен ынтымақты арттырып, әріптестік байланысты жандандыру.

Іргетасын 1994 жылы «Қазақтың Қалтайы» – Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов қалаған халықаралық «TURKISTAN» газетінің жарық көре бастағанына – 25 жыл. Осы жылдар ішінде қалың оқырмандарынан қол үзбеген газет Қазақстан республикасының саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік дамуына ақпараттық қолдау көрсету бағытында сараптамалық мақалалар жариялауда белді басылымның қатарына кіреді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқаты мәселелерін үнемі назарда ұстап, талдау мақалалары арқылы өзіндік бет-бейнесін қалыптастырған басылымның басты ұстанымы – уақыт талабынан туындаған әлеуметтік, экономикалық реформалардың ішкі мазмұнын және қоғамның аталмыш реформаларға оң көзқарасын  қалыптастыру.

Бүгінде «TURKISTAN» халықаралық газеті республиканың барлық облыстарына, Алматы мен Астана қалаларына кеңінен тарайды және Ресей Федерациясының ресми каталогына енгізілген.

 

Өтетін жері; «Бастау» боулинг орталығы

Шагабудтинов көшесі, 109 «а»

19 наурыз сағат 18:00

 

Пікірлер