«ULYTAU ZHASTARY» бағдарламасы аясында 10 жас маманға тұрғын үй сертификаттары табысталды

2190
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Жезқазғанда «ULYTAU ZHASTARY» бағдарламасының қатысушыларына жеңілдетілген несиелеу бойынша тұрғын үй беруге сертификаттар табысталды. Салтанатты шараға өңір басшысы Б.Әбдіғалиұлы, «Отбасы банк» АҚ өкілдері және сертификатқа ие болған жас мамандар қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, биыл өңіріміздің жастарына жеңілдетілген несие беру туралы шешім қабылданған болатын. Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында облыс әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ іске асыратын «ULYTAU ZHASTARY» бағдарламасына облыстық бюджеттен 500 млн теңге бөлінген еді. «Отбасы банкі» АҚ-да өз кезегінде осы мақсаттарға тағы 250 млн теңге бөлді.

Несие жылдық 5 пайыз мөлшерлемемен 20 жылға дейін беріледі. Міндетті шарт-10 пайыздық бастапқы жарнаның болуы. Жыл соңына дейін осы бағдарламаның арқасында 40-тан астам жас (мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, мәдениет және спорт, әлеуметтік сала қызметкерлері, ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлер) тұрғын үймен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 29 адам өздерінің төлем қабілеттілігін растап, несиелік өтінімдерді мақұлдады.

Пікірлер