Экс-министрдің ағасы спорттық жарыстардан шеттетілді

1624
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/whatsapp-image-2024-12-07-at-15.04.08.jpeg
Ақтау қаласында жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты кезінде судьяға агрессия көрсеткені үшін экс-министр Ермек Маржықпаевтың ағасы әрі жаттықтырушы Ерік Маржықпаев екі жылға барлық бокстық жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 2024 жылғы 5 желтоқсанда өткен чемпионатта Ақмола облысының спортшысы Дамир Ибрагимов пен Астана қаласының спортшысы Кенесарыамир Маржықпаев (жаттықтырушының ұлы) кездескен. Төрешілердің шешімімен Ибрагимов 4:1 есебімен жеңіске жетті. Жекпе-жек аяқталған соң, Ерік Маржықпаев төрешілердің шешіміне наразылық білдіріп, балағат сөздер айтқан. Қақтығыс физикалық агрессияға ұласып, ол төрешілердің бірін ұрып жіберген. Экс-министрдің ағасы спорттық этика мен тәртіпті өрескел бұзғаны үшін жаттықтырушыны 2 жылға бокстан шеттету туралы шешім қабылдады.
"Жаттықтырушы Ерік Маржықпаев спорттық этикаға сәйкес емес әрекеті үшін жазаланып, өңірлік, республикалық және халықаралық жарыстардан шеттетілді," – делінген федерация хабарламасында.
Маржықпаев кейін әріптестерінен кешірім сұрағанымен, бұл оның жазасына әсер етпеген.
Комментарии