АЭС қана сенімді энергия бере алады – Құмар Әусенов

717
Adyrna.kz Telegram

Атом электр стансасы ғана сенімді энергия бере алады. Мұндай пікірді «Қазақстан атом электр стансасы» ЖШС атом энергетикасы бөлімінің жетекші инженері Құмар Әусенов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атом электр стансасын жобалаумен айналысып жатқанымызға 5 жыл болды. Мұның бәрі электр энергиясының тапшылығына байланысты. Біз көптеген жобаны қарастырдық, өлшемшарттарын әзірлеп, бағалау жүргіздік. 2019 жылы 9 компанияға сұраныс жіберген едік. Олардың ішінде америкалық, ресейлік, корейлік және қытайлық 5 компания жауап берді. Бұл 4 елдің технологиясы шамамен бірдей, ұқсас», - деді Құмар Әусенов Еуразия ұлттық университетінде АЭС-тің экологияға әсерін талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысында.

Оның атап өтуінше, аталған елдердің барлығының технологиясы қауіпсіз. Жалпы, АЭС-тегі апат 10 млн жылда шамамен 1 рет қана орын алуы мүммкін.

«Қазірдің өзінде тапшылық шырқау шегіне жеткенде 1 гигаватқа дейін энергия тапшылығы бар. АЭС қана базалық сенімді энергия бере алады. Әрине, жылу стансасы да бар. Бірақ, олар көміртегін бөледі», - деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер