“Жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы”. Тоқаев Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2595
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды ​​президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

«Режеп Тайып Ердоғанды ​​Түркияда өткен президент сайлауының екі кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын!

"Режеп Тайып Ердоғанды ​​Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші турындағы лайықты жеңісімен құттықтаймын. Біздің елдерімізді тарихи достық пен ынтымақтастық байланыстары біріктіреді. Бұл жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дамитын болады", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Жексенбі, 28 мамырда Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Оны қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған жеңіп алды. Түркия ОСК мәліметінше, бюллетеньдердің 99,43 пайызын өңдегеннен кейін Ердоған 52,14 пайыз, оның қарсыласы Кемал Қылычдароғлы 47,86 пайыз дауыс жинаған.

Елдің Жоғары сайлау комиссиясының басшысы Ахмет Йенер Ердоғанның Қылычдароғлы алдындағы басымдығы екі миллион дауыстан асқанын айтты. Сайлаудың соңғы нәтижелері 1 маусымда жарияланады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Ноксвилл опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер