Алматы облысында халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру бағдарламасы аясында жаңа кооперативтер құрылады

625
Adyrna.kz Telegram
www.sunhome.ru
www.sunhome.ru

Ауылдағы ағайынның айының оңынан тууына үкіметте ат салысып жатыр. Халықтың табысын арттырудың бірыңғай тетігі жасақталып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өткен жылдың сәуір айында халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру бағдарламасы бекітілген еді. Бас құжаттың аясында елдегі бас партия  «Amanat» үкіметпен бірлесіп, «Ауыл Аманаты» жобасын қолға алған болатын.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аталмыш салада кәсіп бастауына  барынша тартуды көздеген бұл бағдарлама Алматы облысында да жүзеге асуда.

Үкіметте сәуірде бекітілген бұйрыққа сәйкес, Алматы облысы әкімдігі қазан айында «Халықтың табысын арттыру жобасына қатысатын басқармалар мен аудандардың тізбесін бекіту туралы» № 327 қаулысын қабылдаған еді.  Жалпы, қайта түлеген облыста «Ауыл Аманаты» ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасына Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек, Балқаш, Жамбыл, Ұйғыр аудандары мен 102 ауылдық округ және 134 елді мекен қатысады деп жоспарланған еді.
Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәндетін атқарушы Коюмчан Омаровтың айтуынша, әр аудан бойынша жұмыс комиссиялары, ал ауылдық округтерде несие алушылардың өтініштерін бастапқы жинау және өңдеу бойынша жұмыс топтары құрылған.

Жауаптылардың сөзіне сүйенсек, биылығы жылға облысқа «Ауыл Аманаты» жобасы аясында  8,3 млрд. теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде, 2,3 млрд. теңге негізгі сома болса, 6,0 млрд. теңге қосымша бөлінген қаржы.

«Ауыл Аманаты» - өңірдің әлеуетін жақсартуға бағытталған бірегей бағдарлама. Алматы облысы халқының басым бөлігі ауылды жерде тұратындықтан біз үшін орасан зор пайдасы тимек. Мәселен,  жобаны іске асыру кезінде өсімдік шаруашылығындағы жалпы өнім 1%-ға, мал шаруашылығындағы 3%-ға және техника мен жабдықтар паркін жаңарту 4%-ға ұлғаяды деп күтілуде. Бұл жоспар орындалса, шаруашылықта өнімділік артып, , оң динамика сақталмақ», - дейді Коюмчан Аванұлы.

Айта кету керек, бағдарлама бес негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.  Жауаптылардың айтуынша, облыс көлемінде  барлық аудандардан 5 бағыт бойынша 22,8 млрд. теңгеге 3 955 өтінім түскен. Қазіргі таңда нақты 4,4млрд. теңгені құрайтын  891 жобаға  құжат өткізілген.

Алдағы уақытта Алматы облысында ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығы кооперативтері құрамында кәсіптерін дамыту үшін жеңілдетілген несие алу көзделуде.   Бүгінгі күні облыста «Ауыл Аманаты» жобасының шеңберінде  3 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген, қосымша тағы 19 кооператив құру жоспарлануда.

Пікірлер