Жыл сайын қазақстандықтар қаржы пирамидаларына миллиардтаған теңге құяды

1873
Adyrna.kz Telegram
Қазақстандықтар жыл сайын қаржы пирамидаларына миллиардттаған қаржы жұмсайды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев өзінің желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады "Адырна". 
Статистикаға көз жүгіртсек, жыл сайын қазақстандықтар түрлі қаржы пирамидаларына қыруар қаржы жұмсайды. Мәселен:
2018 жылы – 1,9 млрд теңге;
2019 жылы – 1,6 млрд теңге;
2020 жылы – 6,2 млрд теңге;
2021 жылы – 33,3 млрд теңге;
2022 жылы – 8,1 млрд теңге жұмсалған.
Деректерді Елнұр Бейсенбаев әлеуметтік желіде жазды. Сондай-ақ, ол бұл ресми тіркелген дерек бойынша ғана бар ақпарат екенін түрте кетті. Ал елімізде алаяқтарға алданғанын айтуға ұялатын жандардың жоқ емес екендігін жазды.
"Бұл ретте бүкіл жұмысты құзырлы органдардың мойнына артып қоюға болмайтынын түсінеміз. Ең бастысы – халықтың қаржылық, құқықтық сауатын ашуымыз, ақпараттық жұмысты күшейтуіміз керек. Сондықтан, біздің партия «Құқықтық көмек», «Қарызсыз қоғам» деген жобаларды қолға алған болатын. Осы жобалар аясында біздің мамандар қарапайым халыққа қажетті көмекті – ақыл-кеңестің бәрін тегін береді" деп қосты ол.
Пікірлер