Алматы қаласында көлік төбесінен басын шығарғандар сынға қалды. Заңгер не дейді?

2536
Adyrna.kz Telegram

"Адырна" ұлттық порталына оқырман хат жолады. Өзінің хатында Алматы қаласы, Ғали Орманов көшесін бойлаған көліктің төбесінен басын қылтитқан үш жасөспірімнің әрекеті сөз болған. Видеодан байқалғандай, олар көлік төбесіндегі люгінен басын шығарып, көпшілік орындарда мақұлданбайтын қадамдарға барған. 

"Адырна" редакциясына оқырманнан хат келіп түсті. Өзінің хатында автор отандық "989 ARV 02" нөмірлі көлік төбесіне мінбелеп, көпшілік ортада оғаш қылық танытқандар жайлы хабар береді. Видеоны көріп, оның мәнісіне бойламақ ниетте портал журналисі заңгермен тілдесіп көрді.

Көліктің ''жан-жағына" бұлай жармасудың қаншалықты заңды екендігін сұрағанымызда заңгер Бердімұрат Хасенұлы:

- Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар өте көп. Біреулер біледі, біреулер біле бермейді. Көліктен қолын шығарып жүру, басын шығарып жүру, терезеден сыртқа телміруге болмайды. Жақында мектеп оқушылары, университет студенттерінің кеші болады. Жалға алынған көліктермен жас балалар осылай заң бұзушылыққа жол береді. Қызық көрінгенімен, мұның бәрі заңбұзушылыққа жатады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
593-бапта барлығы көрсетілген. Егер адам өміріне зиян келетін болса, жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке де тартылады, -деп жауап берді.

Осы орайда оқырмандар назарына "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық" туралы заңның  593-бабын ұсынамыз:

Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау;

1. Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер