Кісеннен құтылған Карачинский. АҚШ соғыс басталғалы алғаш рет ресейлік кәсіпкерге салған санкциясын тоқтатты

2919
Adyrna.kz Telegram

Америка құрама штаттары Ресей-Украина соғысы басталғалы алғаш рет ресейлік кәсіпкерге салған санкциясын тоқтатты. Нарықтағы жолы ашылып, "асқан бақытқа" ие болған жан - IBS IT-компанияларының басшысы Анатолий Карачинский. Бұл туралы компания сайтында хабарланады, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы.  

АҚШ қаржы министрлігі санкция тізімінен Ресейдегі аса ірі IBS IT-компанияларының басшысы Анатолий Карачинскидің есім-cойын сызып тастады.

АҚШ-тың не себепті Анатолий Карачинскиге "бүйрегі бұрғаны" әзірге белгісіз.

Мәліметке қарағанда, Карачинский - Украинада соғыс басталғалы бері америкалық санкциялар шырмауынан құтылған алғашқы ресейлік ірі кәсіпкер.

2021 жылғы Forbes нұсқасы бойынша Карачинский Ресейдегі ең бай 200 кәсіпкердің қатарына кірген болатын.

Карачинский 2022 жылдың сәуір айында"Ашылу" банкінің бақылау кеңесі мүшесі ретінде санкциялар тізіміне енгізілді. Кәсіпкер бір айдай уақыт өткен соң, IBS директорлар кеңесінен шықты.

АҚШ  Карачинскиймен бірге Совкомбанктің тәуелсіз директоры Джоэль мен Axioma яхтасы да тізімнен шығарылды. Ресейлік БАҚ өкілдері мұндай "күңгірт қадамдарды" кәсіпкер Дмитрий Пумпянскидің ықпалымен болуы мүмкін деп санайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер