Полигон қасіреті жазыла ма? Қазақ жазушысының кітабы жапон тіліне аударылды

3574
Adyrna.kz Telegram

Токио ұлттық музейінде қазақ жазушысы Сәуле Досжанның Семей полигоны туралы жапон тіліндегі кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды "Адырна".

Кітапты қазақ тілінен жапон тіліне белгілі аудармашы Масуджима Шигенобу аударған.

Шара барысында Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Сабр Есімбеков екі мемлекет арасындағы әдеби-мәдени байланысты дамытудың, сондай-ақ қазіргі Қазақстанның рухани құндылықтарын көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

«Жапон-Еуразия» қоғамының басшысы Сока Гаккай атап өткендей, қазақ жазушысы Семей полигонындағы ядролық сынақтың қасіреті туралы роман жазу арқылы ядролық қауіп туралы дабыл қағып, қарусыз әлем туралы сипаты арқылы адамдарға батылдық пен үміт ұялатты.

«Біз 40 жылдан астам атом бомбаларын сынап келеміз. Қазақстан мен Жапония ортақ қасірет пен ортақ азапты бөлісті. Біз келер ұрпақ үшін ядросыз әлем құруымыз керек», - деді Сәуле Досжан.

Қазақстан делегациясы Хиросимадағы Бейбітшілік саябағында болып, атом бомбасы құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жапонияға делегация құрамында белгілі суретші Кәріпбек Күйіков барды. Оның «Жасанды күн» антиядролық тақырыбына салған суреттерінің көрмесі өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер