Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров бүгін, 7 мамырда ресми сапармен Мәскеуге (Ресей Федерациясы) ұшып барды, деп жазады "Адырна" порталы. Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің ресми сайтында айтылды.
Сапар барысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен екіжақты келіссөздер өтеді деп күтілуде.
Ел басшылары екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды.
Ресми сапар аясында Садыр Жапаровтың басқа да ресми тұлғалармен кездесуі жоспарланған.
Сонымен қатар, 9 мамырда Мемлекет басшысы құрметті қонақ ретінде Мәскеудегі Жеңіс шеруіне барады.
Қырғыз Республикасының ресми делегациясының құрамында:
Әділбек Қасымалиев – Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары;
Жээнбек Құлыбаев – Сыртқы істер министрі;
Мұратбек Азымбакиев – Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі;
Марат Иманқұлов – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
Гүлнар-Клара Самат – Қырғыз Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
Ұлан Ниязбеков – Ішкі істер министрі;
Асқарбек Джаныбеков – Ауыл шаруашылығы министрі;
Тілек Текебаев – Көлік және коммуникация министрі;
Данияр Амангелдиев – Экономика және сауда министрі;
Құдайберген Базарбаев – Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрі;
Таалайбек Ибраев – Энергетика министрі;
Нұрдан Орунтаев – Бішкек қаласы әкімінің орынбасары.
"Адырна" ұлттық порталы