Омбыда әскери комиссариатты өртеді деген қазақстандық 13 жылға сотталды

2232
Adyrna.kz Telegram

2022 жылдың мамыр айында өзінің танысымен бірге Омбыдағы әскери комиссариат ғимаратын тұтандырғыш қоспаның көмегімен өртеп жіберді деп айыпталған Қазақстан азаматы 13 жылға сотталды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Омбы облысындағы ресми өкілі Ирина Руснак айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«1-ші Шығыс аудандық әскери сотының шешімімен Аңсаған Молдахметов Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205-бабының 2-бөлімінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, яғни алдын ала сөз байласу арқылы өзгелермен бірлесіп, ғимаратты өртеген, бұл мүліктік залалға әкеп соқтырды және ол 13 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді»,—делінген хабарламада.

Сот айыпталушының былтыр мамырда «Telegram арқылы аноним қолданушыдан 6 млн теңгеге әскери комиссариатты өртеу туралы ұсыныс алғанын» мәлімдеді. Тапсырманы орындағаннан кейін Аңсаған Молдахметов Челябинск облысында «Қазақстан аумағына өту кезінде» ұсталды. Оның серіктесіне мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер