Мирзиёевтің президенттік мерзімін жаңарту. Өзбекстанда конституция бойынша референдум басталды

2596
Adyrna.kz Telegram
Фото: Press_Secretary_Uz / Telegram
Фото: Press_Secretary_Uz / Telegram

Бүгін, 30 сәуірде Өзбекстанда конституцияға өзгеріс енгізу туралы реформа басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Газета.uz басылымының мәліметінше, елде барлығы 10,7 мың дауыс беру учаскесі ашылған. Ал сайлаушылардың бірыңғай тізіліміне 19,7 миллион азамат енгізілді.

Сайлау учаскелерінде қолданыстағы конституция мен өзгеріс жоспары, сондай-ақ 100 сұрақ-жауап жинағы қойылған. Әрі конституцияға енгізілетін өзгерістер жекелей стендтерге жазылған. 

Сарапшылардың сөзінше, конституцияны өзгертудегі басты мақсат – Шавкат Мирзиёевтің биліктегі мерзімін жаңарту. Бұған дейін ол екі рет сайланған. Егер өзгеріс қабылданса, президенттік мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылып, Мирзиёевке 3-рет сайлануға мүмкіндік береді. 

Шавкат Мирзиёев 2016 жылы президент болып сайланды. Жаңа конституция оған екінші бес жылдық мерзімде қызмет етіп, тағы жеті жылдан екі рет президент болып сайлануға мүмкіндік береді. Қазір оның жасы 65-те. 2040 жылы 83 жаста болады. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер