«Eurasian Book Fair 2023» көрмесі сәтті аяқталды

2123
Adyrna.kz Telegram

Еуразиялық халықаралық кітап – көрме жәрмеңкесі жыл сайын еліміздің бас қаласында өтіп отырады. 2018 жылдан бастап елордалық тұрғындар, әсіресе кітап сүйер қауым көрмеге келіп, оның атмосферасын сезініп, кітап авторларының автограф – сессиясына қатысуға мүмкіндіктері бар.

Іс – шара таңғы 10:00 –нан  кешкі 18:00 – ға дейін 19 -23 сәуір аралығында бес күн бойы жалғасты. Қамтылған ақпарат өте көп. Алғашқы күн кітап – жәрмеңкесінің ашылу салтанатымен, «Абай» кітабы мен «Абай даналығы» фотоальбомының тұсаукесерінен басталды. Мирас Кесебаев «Жылдам оқу» кітабының авторы, оқыған ақпаратты тез оқып отырып есте сақтап қалу әдістерімен бөлісті.

Тас бетінде сурет салудан шеберлік сабақтар, испан мәдениетінен викториналық сұрақтар қойылып кітаптар сыйға тартылды. «Ахмет – ұлт ұстазы» кітабының тұсаукесері мен презентациясы өтті, авторы Сыдықов Ерлан Батташұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, Еуразия Ұлттық университетінің ректоры. 21 сәуір күні Марғұлан Сейсембай су жаңа кітабының презентациясын таныстырған болатын. Дәл сол көрмеде «Миссия невыполнима. Технология счастливой жизни» кітабының тек отыз данасы сатылып кетті. Автордың іс – шарасына қатыса алмай қалған адамдар көрменің келесі күні кітапты өзінің бағасынан екі – үш есе қымбат сатып алуға дайын болған.

Еуразиялық халықаралық кітап – көрме жәрмеңкесінің ұйымдастырушысы және басты демеушісі ҚР – дағы «Фолиант» көпсалалы қазақстандық баспасы, ресми қолдаушылар Мәдениет және спорт министрлігі. Осыған орай Фариза Аманбайқызы – «Фолиант» баспа – үйінің PR менеджері 5 күн бойы өткен көрме туралы өз ойын білдірді.

Әр бір оқырман іс – шарада өздеріне керек мағлұматты барынша қабылдап, қалаған кітаптарын ала алды деген үміттеміз. Біздің мақсатымыз – бес күн бойы елімізде, жастардың арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру болды. Көздеген мұратымыз орындалды деп сенеміз, - дейді баспаның атқарушы дирекциясы Фариза Жанғанаева. Жаңа кітаптардың тұсаукесерлері болды, авторлармен сұхбаттасып, олардың кітаптары мен ойларымен танысып, өзіме жаңа тақырып пен жаңа авторларды аштым десем болады. Өзім филолог болған соң, өзіме осындай жан – жақты, талапты адамдармен кездесу пайдалы болды, - деп шағын insight – тарымен бөлісті.

«Eurasian Book Fair» көрмесінің ұйымдастырушылары жеткілікті кадрлар, реттеуші адамдар болмаған соң, «Астана Жастары» ұйымының көмегіне жүгінді.

2019 – дан бастап «Фолиант» басшылары мен волонтерлік ұйымның арасында жылы қарым – қатынас байқалады. Ерікті волонтерлер халыққа қызмет етіп, білім мен ақылдың тоғысқан жерінде машықтанды. Бір волонтерлер шет ел азаматтары мен оқу орындарынан келген 15000 – нан астам студенттер мен оқушыларды қарсы алумен айналысса, енді біреулер әр баспа үйіне кітап сатумен көмектесті.

Былтыр «Eurasian Book Fair 2022» көрмесінде реттеуші - топ көшбасшысы болған, «Астана жастары» волонтері Сұлтан Рамазанмен волонтерлік іс туралы әңгіме өрбіткен едік.

Мен өзім кітап жәрмеңкесімен қатар, қаламызда өтетін ауқымды іс – шаралардың координаторы болдым, 4 жыл волонтер болып келемін. Былай қарасақ, волонтерлік іс, бұл - тегін эксплуатация. Сонда мен не үшін жүрмін? Менің ойымша, бұл жұмысты тегін қызмет деп қабылдамау керек, керісінше жаһандық деңгейге жететін түрлі іс – шараларға қатысу, жаман да жақсы сәттердің естелігі деп білу қажет. Мәселен, бір күні сен өзің сияқты басқа еріктілермен бір шкафта тығызданып отырасың, ал ертең мыңдаған адамдардың арасында үлкен залда тұра аласың. Волонтерлік – тек алғыс – хаттар ғана емес, ол жақсы танысулар, болашаққа алған байланыстар немесе өмірлік махаббат та болуы мүмкін. Бұл жерде  жасы 14 – тен 80 -ге дейінгі әртүрлі адамдар бар, олардың барлығы бір аспаптай бір мақсатпен бір командада жұмыс істейді – әлі түсінбеген немесе өзін таба алмағандарға көмектесу, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ,- деп бөлісті жас волонтер.

«Мазмұндама» қорының жетекшісі Теңіз Жұмабекұлы осы уақытқа дейін бірге қолқанат болған еріктілерге «Мазмұндама» баспа үйінің және жеке өзінің атынан алғыс білдірді.

Қазақстанда волонтерлер ұйымы енді дамып келе жатыр. Біздің уақытта «волонтер» деген ұғым болмайтын. Ал негізі, еріктілердің көп болғаны жақсы, өйткені үлкен форумдарда жақсы адамдармен, болашақ әріптестерімен танысып, байланыс орнатуда үлкен орны бар, олар адамдардың бойына жақсы қабілеттерді дарытып әлемге мейірімділік таратады, - дейді Теңіз Сейілхан.

Еліміздің үздік еріктілері, өмірге деген талпыныстары айқын жастардың күннен күнге жақсы іске құлшыныстарының болуы қуантарлық жағдай. Көрмеге күн сайын 20000 – нан астам халықтың келуі, кітап сүйер қауымның көптігін байқатты.

ЕУРАЗИЯЛЫҚ халықаралық көрмеден кітапқа, мәдениетке, әдебиетке, руханиятқа құрметпен қарайтын оқырмандар, отбасымен келген жандар, ұйымдастырушы, волонтер, баспа үйлердің басшылары өмірлеріне қажетті азық алып, қызықты сәттердің куәсі бола алды.

Фатима ЕРІМБЕТ,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер