Қарашай-малқар кімдер?

2912
Adyrna.kz Telegram

Шіркін мына Кавказдағы қарашай - малқар халықтарының киімінде біздің қошқар мүйіздермен басқа оюлар қайдан жүр?
Және бұлардың тілдері неге қазақ тіліне өте ұқсас?
Тарихта қазақ пен қарашай - малқардың жақын қоныстанып отырған кезі бар ма? Сталин депортациясын айтпай - ақ қояйық, ол мерзім дәстүр алмасатын кез емес. Енді қай жерде кездестік біз бұлармен?


1253 жылы францискан монахы Гиом де Рубрук Бату Ордасында осы аландарды көптеп кездестіреді. Аландар Батудың мұғұлдарына жақын мекендеп, қоян - қолтық араласып жатқан халық екен. Оларды Батудың халқы "астар" деп атапты.
Меніңше, осы қарашай - малқарлар сол кезде қазақтың тілі мен дәстүрін алып кеткен аландардың ұрпағы. Бұлар сол кезде қазақтанып кетті. Бұлардың бір бөлігі ас руы боп ноғайдың құрамына кірді.
Осыған Совет ғылымының басы жетпеді. Совет ғылымы бұларды "жұмбақ халық" деп жылы жауып қойды.

Тіпті уйкипедияда да бұлардың тарихы туралы мәліметтер жоқтың қасы. Ал бұлар қазір сәл тілдік ерекшелікпен қазақша сайрап отыр. Бұларды мен тіпті сол заман Орда тіліне көшіп, қазақтың сол замандағы көне тілін сақтап қалған халық ау деп жобалаймын. Бұлар "дүр - дүр" деп сөйлеп отыр, баяғының қазағы да сөз соңын "дүр" деп аяқтайтын болған. Бергі біздің Хан Кененің хаты да солай жазылған.
Бұл фактінің бәрі бір кезде Батудың Ордасының қазақша сөйлегенін күллі ғаламға дәлелдеп тұр.

Олжас Әбіл

 

Пікірлер