Қазақстанның жаңа сыртқы істер министрі ТМД-лық әріптестерімен бірінші рет кездесті

2770
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен, Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Сергей Алейникпен, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиер Саидовпен, сондай-ақ ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедевпен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы gov.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен келіссөздер барысында екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.

Атап айтқанда, Самарқанда өткен бұл кездесуде  саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы халықаралық іс-шаралардың кестелері жан-жақты қаралды.

ТМД Бас хатшысымен Достастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Өткен жылдың қазан айында Астанада өткен ТМД саммитінде Қазақстан Республикасының Президентіні Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын іске асыру барысына ерекше назар аударылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер