7 сәуірден бастап Жапония Ресейге әуе шарлары мен планерлерді экспорттауға тыйым салады. Бұл туралы елдің Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Шектеулер авиациялық қозғалтқыштарға, құрылыс машиналарына, электр және радио жабдықтарына, сондай-ақ болат пен алюминийге және осы металдардан жасалған барлық бұйымға қолданылады»,—делінген хабарламада.
Айта кетейік, 28 ақпанда Жапония ресейлік 143 жеке және заңды тұлғаға қарсы санкциялар енгізген еді.