Жетісу облысында жарылыс болып, бір жұмысшы қаза тапты

2840
Adyrna.kz Telegram
Фото: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жетісу облысының Көксу ауданында жылу қазандығы жарылып, бір жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Көксу ауданы әкімдігі баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"1 сәуір күні сағат 8:52-де Көксу ауданы Қазақстанның 10 жылдығы ауылында жалпы ауданы 22 шаршы метр жылу қазандығы жарылды. Апат салдарынан оқиға орнында бір жұмысшы қаза тапты", - деп мәлім етті Көксу ауданының әкімі Мәрлен Көлбаев.

Қаза болған жұмысшы 58 жаста. Бес баласы бар, барлығы ересек.

Мәлімет бойынша, жұмысшы жаңадан салынып жатқан мектепке барып, жылыту қазандығы орналасқын ғимаратқа кірген. Кірген уақытта қазандық жарылған.

“Қазіргі уақытта қауіп жоқ” екені айтылады. Жарылыстың себебі анықталып жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер