Оңтүстік Кореяда қашып кеткен қазақстандықтардың екеуі де ұсталды

2706
Adyrna.kz Telegram
Фото: korea_komek
Фото: korea_komek

Оңтүстік Кореяда қашып кеткен екінші қазақстандық өз еркімен полицияға берілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда қашып кеткен қазақстандықты ұстағаны үшін 30 миллион вон (10 миллион теңгеден астам) сыйақы тағайындалған еді.

"Елшілік бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайды және барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетеді", – деді СІМ.

Естеріңізге салсақ, жексенбі күні таңғы сағат 4:20-да 18 және 21 жастағы екі Қазақстан азаматы депортацияға арналған ұшаққа отырмай қашып кетті. Екеуі автобустың терезесінен шығып, тікенді сым тартылған қоршаудан секіріп кеткен. 

Пікірлер