Таиландта ақылға сыйымсыз оқиға болды. Аймақта мекен ететін қолтырауындар бірін бірі жеп, жалпақ жұртты шошытты. Олардың кейбірі фермадан қашып шығып, адамдардың зәресін ұшырған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Таиланд, Сонгхла қаласындағы қолтырауын фермасының иесі қалай қайтыс болды, солайынша дүрбелең басталды. Қараусыз қалған, ешкім тамақтандырмаған көп қолтырауын аштан өлді, аман қалғандары бір-бірін жеді. Кейбір қолтырауындар су деңгейі көтерілгенде фермада аймағынан шығып кетіп, адамдарды шошытқан. Олар қазір адамдар арасында жүр.
Фермаға арнайы барған шенеунік Фират Тангсукчароенкун:
"Қолтырауындардың иесі қайтыс болды. Кейін тамақ беретін ешкім болмай қалған кезде бір-бірін жеп, сол арқылы арқылы аман қалуға тырысты. Су көтерілген кезде фермадан қашып үлгерді. Қашып кеткен қолтырауындар айналасындағыларға қорқытты - деді ол.
Дегенмен, қараусыз қалған қолдырауындарды бағуға заңдық тұрғыдан рұқсат жоқ. Себебі, қолтырауындар әлі де олардың қайтыс болған иесіне тиесілі.
Жергілікті әкімшілік бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, қолтырауындар бар аймақты бақылауда ұстайтынын алға тартты.
"Адырна" ұлттық порталы