Премьер-министр ауыл шаруашылығын цифрландыру деңгейіне наразылық білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Agritech Hub компаниясының негізін қалаушы Диана Душниязова спутниктік деректер мен жасанды интеллект көмегімен жердің өнімділігі мен егін түсімін болжау технологиясы туралы баяндады. Оның айтуынша, бұл жүйе Түркістан мен Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Өзбекстанның 8 өңірінде қолданылған.
Олжас Бектенов аталған технологиялардың Қазақстаннан гөрі көрші елдерде белсенді қолданылып жатқанына қынжылыс білдірді.
“Өзбекстан біздің технологияларды пайдаланып жатыр. Ал біз ше? Неге қолданбаймыз? Суды үнемдеу керек емес пе? Осы технологияларды енгізіңдер!” – деп тапсырды премьер-министр ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа.