Қазақстанда республикалық маңызы бар 15 жол бөлігі жабылды

2013
Adyrna.kz Telegram

4 өңірде ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Атап айтсақ, Ақтөбе (1 учаске), Ақмола (3 учаске), Солтүстік Қазақстан (8 учаске) және Қостанай (3 учаске) өңірлерінде республикалық маңыздағы жолдар жабылды.

Жоғарыда аталған өңірлердің аумағында орналасқан республикалық тасжолдарды күтіп-ұстаумен айналысатын жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Республикалық маңызы бар автожолдарда 400 бірлік арнайы техника мен 520 жол жұмысшысы қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда.

Естеріңізге сала кетейік, жолда штаттан тыс жағдай туындаса 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу керек.

Пікірлер