Шавкат Рахмонов аралас жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті

2781
Adyrna.kz Telegram
Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

Қазақстан спортшысы Шавкат Рахмонов (16-0) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 аралас жекпе-жек бәсекесінде жеңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол американдық белгілі файтер Джефф Нилмен (15-4) шеберлік байқасты. Нәтижесінде үшінші раундта оны тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті.

Айта кетейік, жекпе-жек алдында Джефф Нил UFC орта салмақтағы рейтингінде Шавкат Рахмоновтан алда тұрды. Рейтингте американдық спортшы жетінші орынға жайғасса, қазақстандық оныншы орынға тұрақтаған еді.

Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіпқой маңсабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізді. Әзірге ешқандай жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ. Ал Джефф Нил бесінші мәрте қарсыластарына есе жіберді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер