Корпорациялардың үстеме табысы қатардағы қызметкерлердің лайықты жалақысына жұмсалуы тиіс - Қошанов

5009
Adyrna.kz Telegram

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Атырау облысында мұнайшылармен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарымен кездесті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Мақат ауданының Доссор кентінде мұнайшылармен және сала ардагерлерімен кездесу өтті. Олардың айтуынша, көптеген кәсіпорында, әсіресе өзге елдің капитал үлесі бар компанияларда шетелдік және қазақстандық қызметкерлердің жалақысын есептеу кезінде әрдайым теңдік сақтала бермейді.

«Корпорациялардың үстеме табысы қатардағы жұмысшыларға лайықты еңбекақы төлеуге бағытталуы тиіс. Біз біліктілігі шетелдіктермен бірдей қазақстандық мамандарға олармен тең еңбекақы төленуіне қол жеткіземіз», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Ол ауданда 2 мыңға жуық адамды жұмыс орынымен қамтамасыз ететін газ өңдеу зауытын салу жоспарланып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, партия ірі инвесторлардың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаты бойынша облысты дамытуға қаржы құюын қадағалайды.

Штаб мүшелерінің айтуынша, мұнайшылардың, геологтардың, бұрғылаушылардың, инженерлердің, технологтардың, басқа да мамандардың жемісті жұмыс істеуінің арқасында сала отандық экономиканың локомотивіне және Қазақстан халқы әл-ауқатының берік іргетасына айналды.


Бұдан соң Жылыой ауданының жұртшылығымен кездесу өтіп, оған 200-ден астам адам қатысты. Штаб мүшелері тұрғындармен партияның сайлауалды бағдарламасындағы коммуналдық, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту және экологиялық жағдайды жақсарту шараларын талқылады.


Атап айтқанда, Атырау облысы бойынша сайлауалды уәделер аясында 400 шақырымнан астам автомобиль жолын салу, 20 медициналық нысан тұрғызу және облыстың барлық ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Сондай-ақ, мұнай сервисі саласының кәсіпкерлерімен кездесу өтті. Оның барысында отандық мамандарды даярлау, қазақстандық тасымалдаушыларды қаржылай қолдау, сатып алу және басқа да мәселелер талқыланды.

Осы күні «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Құлсары қаласындағы тұрғындардың баспана жағдайымен жеке танысты. Қазіргі уақытта қалада 130-ға жуық үйдің тозығы жеткен, олардың арасында апаттық жағдайдағы үйлер де бар. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін өңірде 3,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салынып, апатты үйлердің тұрғындары жаңа баспанаға қол жеткізеді.

Дайындаған: "AMANAT" партиясының баспасөз қызметі

Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов

“AMANAT” партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

 

Пікірлер