Қошанов: «Біз әділдік орнатамыз – жұмысшы құқығы барынша қорғалады»

2238
Adyrna.kz Telegram

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері өңірлерде сайлаушылармен кездесуді  жалғастырып жатыр. Бүгін партиялықтар Қарағанды облысына келді.

Теміртауда экологтармен, қала белсенділерімен және өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу барысында партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген экологиялық ахуалды жақсарту шаралары талқыланды

«Экология – азаматтардың өмір сүру сапасына әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Сондықтан біздің сайлауалды бағдарламамыздың бүтіндей бір бөлімі қоршаған ортаны қорғауға арналып отыр. Біз өндіруші және энергетикалық компаниялардың заңнама аясында жұмыс істеуін қадағалаймыз. Заң талаптарын айналып өткісі келетіндерге мүмкіндік берілмейді», - деді «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ, құжатта ластану деңгейі жоғары елді мекендердегі кәсіпорындардан шығатын қалдықтардың нормативін 40%-ға дейін төмендету көзделген. Су балансын сақтау үшін 14 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 16 су қоймасын қайта жаңарту жоспарланып отыр. Экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келетін қоқыс полигондарының үлесі үш есеге ұлғайтылады. 

Костенко атындағы шахтада партиялықтар көмір өндірушілер мен металлургтер кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесті. 

«Еңбек адамы әрқашан партияның назарында. Біздің сайлауалды бағдарламамызды партияның емес, кәсіподақтың құжаты деуге болады. Өйткені ол ең алдымен еңбек жағдайларын жақсартуға, жұмыс берушінің жауапкершілігін және өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Біз әділдік орнатамыз – жұмысшы  барынша қорғалуы тиіс», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Осылайша, біліктілігі шетелдіктермен бірдей қазақстандық мамандар олармен тең жалақы алатын болады. Партиялықтар зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін жұмысшылардың зейнетке ерте шығу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Еліміздің барлық кәсіпорынында еңбек медицинасы қызметі іске қосылады.

Бұдан соң партиялықтар Қарағанды қаласындағы «Сұрыптау» теміржол станциясының еңбек ұжымымен көлік және логистика саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Сайлауалды бағдарламада еліміздегі теміржолдарда пайдаланылатын  отандық материалдардың үлесін ұлғайту көзделіп отыр. Ескі вагондар Қазақстанда өндірілген жаңа вагондарға ауыстырылатын болады. Сайлауда жеңіске жеткен жағдайда «AMANAT» партиясы сауда және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың ауқымды бағдарламасын қабылдайды.

Осы күні РСШ мүшелері қандастармен, дәрігерлермен, фермерлермен және басқалармен кездесті.

Дайындаған: "AMANAT" партиясының баспасөз қызметі

Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов

AMANAT” партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

Пікірлер