Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында тауарлық несие беру бағдарламасы жүзеге асырыла бастады

3561
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударып келеді. Оның ішінде "тауарлық несие" бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мен ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған маңызды бастама ретінде қарастырылған.

Мемлекет басшысы: «Былтыр «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Жалпы нәтижесі жаман емес. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру үшін жаңа құралдарды енгізу қажет. Солардың бірі – тауарлық несие жүйесі. Бұл жүйе ауыл тұрғындарына мал басын көбейтуге және жергілікті өндірісті дамытуға мүмкіндік береді.»

Тауарлық несие беру Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында жүзеге асырыла бастады.

Бағдарламаның алғашқы қатысушысы - Евгений Ерғалиұлы Әпейісов басқаратын «Шатан» шаруа қожалығы. Бұл қожалық Белағаш ауылының тұрғындарына ірі қара малдарын бөліп берді. Бұл - аз қамтылған ауыл тұрғындарына деген қамқорлықтың жарқын үлгісі, әрі ауыл шаруашылығы саласының өзге де өкілдеріне үлгі өнеге болады деп сенеміз.

Тауарлық несие беру жүйесі ауылдықтардың мал мен техника алуына мүмкіндік береді. Қайтарымы өнім түрінде жүзеге асырылатын бұл әдіс ауыл кәсіпкерлеріне үлкен қолдау болып отыр. Президенттің айтуынша, мұндай жобалар ауыл экономикасын тұрақты дамытуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етпек.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер