Ресейдің Алтай өлкесінде бір әйел сегіз жасар ұлының көзінше кішкентай қызын лаулаған оттың ортасына тастап, тірідей өртеп жіберді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме көрсете отырып.
Ресейдің Алтай өлкесі бойынша тергеу комитетінің мәліметінше, әйел 20 ақпан күні әйел 1,5 жасар қызын қоймаға алып барған.
"Шешесі қызының үстіне жанғыш сұйықтық шашып, 8 жасар ұлының көзінше оны өртеп жіберген, сонан соң оқиға орнынан табанын жалтыратқан. Бала алған жарақаттарынан кесірінен көз жұмды" - деп хабарлады Ресей Федерациясының Алтай өлкесі бойынша тергеу комитетінің баспасөз қызметі.
Мәліметтерді сараптай отырып анықталғандай, әйел бұрыннан ата-ана құқығынан айырылған болып шықты. Олар тұрмысы нашар отбасы есебінде тіркеуде тұрған. Қазір жауыз жан құрыққа түсті.
Қазір әйелдің қалған екі баласы балалар үйіне алынды.
"Адырна" ұлттық порталы