Ресейдің Алтай өлкесінде бір әйел сегіз жасар ұлының көзінше кішкентай қызын лаулаған оттың ортасына тастап, тірідей өртеп жіберді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме көрсете отырып.
Ресейдің Алтай өлкесі бойынша тергеу комитетінің мәліметінше, әйел 20 ақпан күні әйел 1,5 жасар қызын қоймаға алып барған.
"Шешесі қызының үстіне жанғыш сұйықтық шашып, 8 жасар ұлының көзінше оны өртеп жіберген, сонан соң оқиға орнынан табанын жалтыратқан. Бала алған жарақаттарынан кесірінен көз жұмды" - деп хабарлады Ресей Федерациясының Алтай өлкесі бойынша тергеу комитетінің баспасөз қызметі.Мәліметтерді сараптай отырып анықталғандай, әйел бұрыннан ата-ана құқығынан айырылған болып шықты. Олар тұрмысы нашар отбасы есебінде тіркеуде тұрған. Қазір жауыз жан құрыққа түсті. Қазір әйелдің қалған екі баласы балалар үйіне алынды.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Attack in Lebanon. The Ministry of Defense provided an update on the condition of Kazakh peacekeepers
It's been 2 years since the war in Ukraine. Armenia announced the suspension of its membership in the CSTO
