«Алтын орда» базарында саудагерлерден заңсыз ақша жинаған полицейлер сотталды

3306
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

«Алтын орда» базарында саудагерлерден заңсыз ақша жинаған полицейлер сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серік Орымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның айтуынша, өткен жылдың соңында полиция қызметкерлерінің базарда заңсыз қызметпен айналысқаны белгілі болған.

Олар лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалана отырып, «Алтын орда» базарында жалпы қамқорлығы және қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен алшақтатқаны үшін сауда қызметкерлерінен ақша жинауды ұйымдастырған.

Осылайша базар аумағында әлеуметтік шиеленіс туғызған.

«Айта кету керек, полицейлердің бірі атыс қаруын қолдану арқылы антикор қызметкерлеріне қарсылық көрсетті. Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкімімен 3 учаскелік полиция инспекторының 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді»,- дейді Серік Орымбетов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер