«Алтын орда» базарында саудагерлерден заңсыз ақша жинаған полицейлер сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серік Орымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Оның айтуынша, өткен жылдың соңында полиция қызметкерлерінің базарда заңсыз қызметпен айналысқаны белгілі болған.
Олар лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалана отырып, «Алтын орда» базарында жалпы қамқорлығы және қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен алшақтатқаны үшін сауда қызметкерлерінен ақша жинауды ұйымдастырған.
Осылайша базар аумағында әлеуметтік шиеленіс туғызған.
«Айта кету керек, полицейлердің бірі атыс қаруын қолдану арқылы антикор қызметкерлеріне қарсылық көрсетті. Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкімімен 3 учаскелік полиция инспекторының 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді»,- дейді Серік Орымбетов.
Новости по теме
В 2023 году местными исполнительными органами города Конаев и районов определены неиспользуемые пастбищные угодья 601 субъекта общей площадью 285,5 тыс. га
