"Бір туғандарға болысамыз" - Түркияда Алаш азаматтары киіз үй тігіп жатыр

4238
Adyrna.kz Telegram

Қоғам белсендісі Арман Шораев, журналист Нұрбек Бекбау сынды азаматтар бастамашы болып, қазақ халқы жылу жиналды. Қаржыға үйшілерден киіз үй алынып, алыстағы ағайынға жөнелтілді. Бағаналы боз үйіміз кеше Түркия топырағына жеткізіліп, Алаш азаматтары шаңырағын көтерді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Ал құрметті бауырларым, аға-әпкелерім: Сіздердің қаражатпен жиналған киіз үйлерді Түркияға апару, құрастыру үшін арнайы тобым ұшаққа отырды. Кіл сайдың тасындай іріктелген! Мен кеше келіп алдым. Бүгін қарсы алып, осы топпен зілзаладан қираған қалалар жанына боз үйлерді тігеміз. Ошақ орнатып, қазанда ас қайнатып, бір туғандарға болысамыз, - деп жазды Нұрбек Бекбау.
Сонымен қатар, автор арнайы видео бөлісті. Видеода түріктердің қазақ сөзін қаз-қалпынша ұғып тұрғаны байқалады.
- Артығымен айту күллі түріктекті жұртқа тән екен ғой. 30 киіз үйді 300 келді, - дейді. Бұл қарағандылық ағайынның боз үйлері. Ертең 84 киіз үй келуі керек, - деді  журналист.
"Адырна" ұлттық порталы 
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер