Түркия мен Сирия: Көз жұмғандар саны 3000-нан асты

3101
Adyrna.kz Telegram

Соңғы хабарланған деректер бойынша Түркия мен Сирия аймағында болған зілзаладан кем дегенде 3500 адам қаза тапты. Үйінділер арасында қалған жандар болуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Түркия билігінің мәліметінше, 2900-ден астам адам қайтыс болды. 15 мыңнан астам адам жарақат алды. Үйінділер астында мыңдаған адам қалды. Суық жауын мен ауа райының қолайсыздығынан жағдай ушықты.

Сирия билігі де өз аймағынан кем дегенде 1400 адам қаза тапты деп хабарлады. Әзірге зардап шеккендер жөнінде толық мәлімет жоқ.

Түркияда туған этникалық қазақ азаматы Мұртаза Бұлытай видео бөлісіп:

"Түркия аман болсын, сұмдық жойқын сілкініс болған екен, жан түршіктірер..." - деп жазды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер