Еуроодақ 30 мың украин әскерін жаттықтырмақ

3025
Adyrna.kz Telegram

Еуроодақ 30 мың украин сарбазын жаттықтырады. Олар Батыс елдерінің Украинаға берген әскери техникасын қолдануды үйретпек. Бұл туралы Еуропалық комиссияның Брюссельдегі штаб-пәтерінен Deutsche Welle жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресми мәлімдемелер 3 ақпанда Киевте өтетін ЕО-Украина саммитінде жасалады деп күтіліп отыр.

«2 ақпан күні Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Украина үкіметінің мүшелерімен кездеседі. Олар Украинаның Еуропалық Одаққа тезірек қосылу мүмкіндігін және Ресей билігін әскери басқыншылығы үшін жауапқа тартатын Еуропа трибуналын құру мәселесін талқылайды.

Өткен жылдың қараша айында еуропалық елдер Украина әскери қызметкерлерін оқыту миссиясын құрды. Одан кейін Украина қарулы күштерінің 15 мың қызметкері оқытылатыны айтылды. Дегенмен, қазір бұл санды екі есеге арттыру туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, әскерилер еуропалық броньды машиналарды, соның ішінде ЕО елдері Украинаға жақын арада жеткізе бастайтын «Леопард-2» танктерін басқаруға үйренеді»,—делінген хабарламада.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер