Димаш Құдайберген Қытайдағы қазақтар мәселесіне пікір білдірді

2809
Adyrna.kz Telegram

Димаш Құдайберген.
Димаш Құдайберген.

Димаш Құдайберген бұл сұраққа:

- Әлемнің қай түкпіріндегі қазақ болмасын - өзіміздің ағайындарымыз және олардың тағдыры біз үшін ешқашан қызықсыз болып қалмайды. Қолымнан келсе, бәрін бере едім, бірақ менің қолымнан келмейді, мен тек әншімін, дипломат емеспін. Қазір өзімді тек әнші ретінде көрем. Бұл мәселеде алаңдамайды деп ойламаңыздар. Мен де бұл мәселенің тезірек шешілгенін қалаймын, - деп жауап берді.

Димаш Құдайберген баспасөз мәслихатын биыл жазда Астанада беретін "Арнау" жеке концертіне арнап өткізді. Жиында әнші өзінің шығармашылық жұмыстары, жоспарлары туралы айтып, журналистер сауалдарына жауап берді.

24 жастағы әнші Димаш Құдайберген 2017 жылы Қытайда өткен I Am a Singer ән байқауында екінші орын алып, "Азиядағы ең танымал әнші" номинациясы бойынша Top Chinese Music Awards жүлдесін иеленген. Сол жылы шілдеде Димаш Asian Music Gala жүлдесін "ең танымал шетелдік әнші" номинациясы бойынша алған.

Қытайдың Шыңжаң өңірінде этникалық азшылыққа, оның ішінде этникалық қазақтарға қысым жасау туралы деректер 2017 жылдың сәуірінен бастап түсіп жатыр. Азаттық Шыңжаңда қамауға алынған, Қазақстанға орала алмай жатқан Қытайдағы қазақтар туралы бірнеше рет жазған.

Димаш Құдайбергеннің баспасөз мәслихаты

Пікірлер