Жастармен жұмыс бұқаралық іс-шаралар өткізуден аспай жатады - Тоқаев

6161
Adyrna.kz Telegram

"Астанада жастар арасында жұмыссыздық деңгейі өте жоғары, республика бойынша екінші орында". Бұл пікірді бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту жөніндегі кеңес отырысында айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.


"Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға баса мән беру қажет. Басты назарды қала тұрғындарын жұмыспен қамтуға аудару маңызды. Әлеуметтік қамсыздандыру аясындағы орташа жалақы 100 мың теңгеден асады. Жұмыс орындары бар. Бірақ атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке жарамды азаматтардың 60 пайыздан астамының тұрмыс жағдайы төмен. Сондай-ақ жастарды қолдау шаралары тиімді емес. Жастармен жұмыс бұқаралық іс-шаралар өткізуден аспай жатады. Ал, Астанада жастар арасында жұмыссыздық деңгейі өте жоғары, республика бойынша екінші орында. Биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына қосылады. Соған сәйкес олардың саны көбейеді. Үкіметке әкімдікпен бірге қаладағы жастармен жұмысты күшейтуді тапсырамын",- деді Тоқаев. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер