Қазақстанда «суперЦОНдар» пайда болады — Бағдат Мусин

2841
Adyrna.kz Telegram

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиын барысында Бағдат Мусин 2022 жылғы жұмысты қорытындылады, сондай-ақ жетекшілік ететін бағыттардың басымдықтары және 2023 жылға арналған жоспарлар туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрдің мәлімдеуінше, бүгінгі таңда проактивті қызметтер енгізіліп жатыр, олардың жалпы саны 40-қа жеткен.

Проактивті тәсіл - «Invisible Government» тұжырымдамасын іске асыру кезеңдерінің бірі болып саналады. Ол дегеніміз, азамат үшінші тұлғалардың қатысуынсыз өмірдің барлық кезеңдерінде мемлекетпен өзара іс-қимыл жасай алады.

«Біздің стратегиялық міндетіміз - әрбір өмірлік жағдайды талдау, азаматтың нені бастан өткеретінін түсіну, кедергілерді жою және бәрін ыңғайлы әрі түсінікті процеске көшіру. Ол үшін фокус-топтар жиналып, нақты мемлекеттік органдар, CDO және т.б. ұйымдар тартылатын болады. Бизнес-процестерді қайта қарағаннан кейін оларды проактивті қызметтерге барынша ауыстыру жоспарлануда», - деді Бағдат Мусин.

Сондай-ақ, министр  ХҚКО-ның сервистік қызметтерін оңтайландыру бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті.

«Қазір Қазақстанда 324 орталық бар, өткен жылы 14-і жаңғыртылды, биыл тағы 50-ін жаңарту жұмысы жоспарланып отыр. Таяу болашақта елімізде барлық ұйымдар орналасқан және қазақстандықтар мемлекетпен өзара іс-қимыл жасай алатын және қызметтерді бір жерден ала алатын азаматтарға ыңғайлы және сапалы қызмет көрсетуге арналған бірыңғай кеңістік - «суперЦОНдар» пайда болады»,—деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер