БҚО-дағы мектеп заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді

4034
Adyrna.kz Telegram

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Батыс Қазақстан облысындағы мектеп ғимаратын заманауи құрылғылармен жабдықтауды қамтамасыз етті. Мектеп ғимараты жаңаша құбылып, білім беруге қажетті инновациямен жабдықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қоғамдық қордың  Қазақстан халқына денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау және спорт салаларында қайырымдылық көмек көрсетумен ерекшеленеді. Осы мақсатта "Қазақстан халқына" қоры мектеп ғимаратын заманауи жабдықтармен толтырып, білім мен ғылымға ұмтылған талапкер көңіліне қуаныш сыйлады.

Білім шаңырағындағы "ақылды тақта", химия-биология зертханасы, физика құралдары шәкірттердің дүниетанымын жетілдіруге, ілім жинауға деген құлшынысын арттырып, өнертапқыштыққа бастайтынына ұстаздар қауымының сенімі зор.

Спорт сыныптары да баланың физикалық тұрғыдан дамуына қажетті құралдармен жабдықталды. Игі істердің жарасымында жетілетін бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер