Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 24 қаңтарда Алматыда "Таяу Шығыс елдеріне авиациялық техникаларды заңсыз жеткізбек болған" күдіктілерді ұстағанын хабарлады.

3184
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/01/oon.jpg
ҰҚК Алматы департаментінің ақпаратына қарағанда, арнайы қызмет Алматыда операция жүргізіп, "Қазақстан азаматтарынан құралған қылмыстық топтың әуе техникаларына арналған авиациялық құрал-жабдықты елден заңсыз шығармақ болған әрекетін тоқтатқан". Департамент ақпаратына қарағанда, "Қазақстаннан заңсыз шығарылмақ болған" техниканың құны 122 мың доллардан асады. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 286 бабының 2-бөлімі ("Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы") бойынша іс қозғалған. Күдіктілер ҰҚК-нің тергеу абақтысына қамалған. Арнайы қызмет күдіктілердің қанша адам екенін және нақты қай елге әскери техника шығармақ болғанын айтпады.
Комментарии