Қазақстанда «Respublica» партиясы ресми түрде тіркелді

990
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда «Respublica» партиясы ресми түрде тіркелді. Бұл туралы жаңа саяси ұйымның төрағасы Айдарбек Қожаназаров мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Достар, сүйінші! Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының ХҚКО -ң  бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды.

Енді біз - еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі  - ортақ ортақ жеңісіміз!  Алайда, бұл сынақтар бізді тек ғана күшейтті”, - деп жазды Айбарбек Қожаназаров.

Сондай-ақ, ол партияның тең төрағалары - Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаевты жеңіспен шын ниетпен құттықтады.

“Партияның барлық мүшелерін, осы уақыттан бері бізге сенім артып, зор  қолдау білдірген барлық адамдарды осы маңызды бастамамен  құттықтаймын және   сенімдеріңіз бен үкілеген үміттеріңізді ақтауға жұмыла кірісеміз дегім келеді. Бүгіннен бастап біз партияның қызметін еліміздің әрбір өңірінде толық көлемде ресми түрде жүргізуге құқылымыз. Болашақ біздің қолымызда, ағайын!

Алға, Отандастарым! Алға, Respublica!”, - деді ол.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket