“Қазақстанға қашпақ болған”: Қырғыстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін өлімші етіп соққыға жыққан екі күдікті ұсталды

2516
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қырғыстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін өлімші етіп соққыға жыққан екі күдікті ұсталды. Олар Қазақстанға қашпақ болған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Kaktus.media редакциясына сілтеме жасап.

Айта кетейік, 13 қаңтарға қараған түні сағат 01:26-да Ош қаласының орталығында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері арасында қылмыстық төбелес болған. Ұйымдасқан қылмыстық топтың бір мүшесі арматурамен ұрып өлтірілсе, екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесіне іздеу жарияланды. Ал бұған дейін ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі, Дженго лақап аты Қадыр Досонов ұсталды. Бұл дерек Ош қалалық ішкі істер басқармасына «Адам өлтіру» бабы бойынша тіркелді.

14 қаңтарда жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Шу облысы аумағында шекараны кесіп өтпек болған кезде бұрын іздеуде жүрген Коргонбай ұлы Еламан мен Райымберді ұлы Ақылбекті ұстады. Қалған күдіктілерді іздеу жалғасуда.

Пікірлер