Вертикалдық басқарудан бас тарту арқылы шешімдерді тез қабылдай аламыз — Дәулет Кәрібек

2244
Adyrna.kz Telegram

«AMANAT» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек «Ашық алаң бағдарламасына қатысып, еліміздегі саяси трансформациялардың бағыт-бағдары туралы пікір білдірді.

Ол өз сөзінде өңірлік басқаруға дербестік беру керектігін атап өтті.

«Пандемия кезінде Жамбыл облыс әкімінің орынбасары қызметін атқардым. Дәрі-дәрмек алайын десең, оны бірінші Денсаулық сақтау министрлігі сатып алуы керек. Ал ведомство дәрі-дәрмекке «СҚ-Фармация» арқылы қол жеткізеді. Ол саған жетем дегенше біраз мәселе болады. Жер кодексі бойынша тоқталайық. Бұрын үлкен және бір адамның қолына жиналып қалған жерлерді анықтау Үкіметтің құзіретінде болатын. Бірақ оны жергілікті мәслихаттар анықтайды. Осындай жергілікті жерлерге жұмысты тапсыру арқылы оны жеңілдетіп, тездете аламыз. Білім саласында вертикалды басқару сәнге кіріп, бүкіл мектеп тікелей басқармаға қарайтын болды. Мысал айтайын. Бір ауданның білім беру мекемесінде жел тұрып, оның шатыры құласа, сіз бір күнде жөндеу жүргізе алмайсыз. Өйткені ол облыстық басқарманың бақылауына алынған. Аудан бірінші төтенше жағдай жариялап, қаржы салуы тиіс. Осы аралықта біршама уақыт өтеді. Сол себепті билікті аудандық әкімшілікке беру керек. Ауданға аудан әкімі жауап бере ме, тура солай мектептерді қарау керек. Вертикалдық басқарудан бас тарту арқылы шешімдерді тез қабылдай аламыз»,—деді ол.

Пікірлер