Мейірімділік шыршасы

5172
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа жылдық «Мейірімділік шыршасы» өтті. Бұл күн «Айналайын» ​​балалар үйінің тәрбиеленушілері, Шымыр ауылының балалары үшін нағыз сиқырлы мерекеге айналды. Мектептің өзін-өзі басқаруы мен оқушылардың ата-аналары бүлдіршіндерді жылы лебізімен құттықтап, жаңа жылдық тәттілерді табыс етті.

NIS оқушылары көңілді сайыстар, эстафеталар және қызықты ойындар дайындады. Әр бала тақпақ, көңілді ән айтып, би биледі.

[caption id="attachment_142774" align="aligncenter" width="2560"] SONY DSC[/caption]

«Айналайын» ​​балалар үйінің тәрбиеленушісі Санат Шерубаев үшін «Жаңа жыл» ең сүйікті мерекелердің бірі. Расында да, бұл күні үлкен-кішінің бәрі тілек айтып, ғажайыптан үміт күтеді. Санат №16 орта мектептің 7-сынып оқушысы, оның арманы – үлкен отбасы, үлкен үй. «Мен өскенде аспазшы болғым келеді, дәмді тамақ әзірлеп, бәріне дәм татқым келеді», — дейді жас кейіпкеріміз.

Өз кезегінде «Айналайын» ​​тәрбиеленушілері ұйымдастырылған мерекеге үлкен ризашылықтарын білдіріп, Зияткерлік мектебінің директоры Виктор Сосин мен «Қамқор» әлеуметтік жобасының үйлестірушісі Жанар Оразбаеваға өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етті.

 Бұл күндері біз өтіп бара жатқан жылды шығарып салудамыз. Барлығымыз үшін 2022 жыл оңай болған жоқ. Десек те, жеткен жетістіктер де, аз емес. Алдағы оқу жылы барлық оқушыларға, бүкіл мектеп ұжымына мұнымен тоқтап қалмай, бұдан да жоғары нәтижелерге ұмтылуларына тілектеспін, – дейді мектеп директоры Виктор Сосин.

Көңілді және мерекелік көңіл-күй толқынында Талдықорғандағы NIS оқушылары келе жатқан Жаңа 2023 жылды қарсы алуда.

 

 

Пікірлер