"Әже, орысша бірінші жазыпты. Қазақты сыйлау керек!" деген балдырған елдің мерейін өсірді

4567
Adyrna.kz Telegram

Перзенттерін ұлттық тәрбиемен сусындатып, қазақылықтың қайнарына бойлатқан қоғам белсендісі Бибігүл Әбдіғали немересімен болған екеуара сұхбатпен бөлісті. Кешқұрымда әжесімен өрбіген әңгімелесуде немересі қоғамдағы қазақ тілінің мәртебесін нақты танытады. Әжесінің көз қуанышы, көңіл сүйенішіне айналған немересіне тағлымды таным, тәлімді тәрбие бергенін көріп, алғыс білдіріп жатқандар өте көп, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әлеуметтік желіде ілтипатқа бөленіп, қарқынды қаралым жинап жатқан бейне-деректе кішкене балдырған әжесіне қазақ тілінің мәртебесі жайлы пікір білдіреді. Ол мысалды қоғамның өзінен алған.

- Әже, қараңыз. Бірінші орысша жазып қойыпты. Қазақты сыйлау керек қой, - дейді немересі әжесіне.

 

Кейін әжесі немересіне еміреніп, жылы қабақ танытады. Бұған қатысты:

- Бәрекелді! Аға, апалары айтып, айтып шаштары ағарып, тістері түсіп, анау жаққада кетіп қалғандары қаншама, еді еңді тіліміздің жайын балақайлар айтып жатыр, балапанға Алла ғұмыр берсін;

- Ешкім айтпай-ақ өзі біліп, айтып тұр, ботақан. Міне, нағыз еркін елдің рухы биік ұрпағы осылар болады. Осылардың жарқын болашағын жасауда біз де аянбауымыз керек;

- Дұрыс қызым! Енді оқушылар да мемлекеттік тілді бірінші орынға қойып отыр. Болашақта қазақ тілі өз тұғырына отырады деген ақиқаты бұл. Ата-ана , мұғаліміне үлкен рахмет, - деп жазды оқырмандар.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер