Halyk Bank қайырымдылық пен демеушілік көмекке 6,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

2709
Adyrna.kz Telegram

Halyk Bank — елімізде бір ғасырға жуық табысты жұмыс істеп, негізгі көрсеткіштер бойынша Қазақстанда көш бастап келе жатқан ірі коммерциялық банк. Бүгінде ол қайырымдылық және демеушілік қызметі арқылы да республика жұртшылығына кеңінен танымал, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Банк Қазақстан халқы үшін маңызды жобаларды жүйелі түрде қолдап, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстанады.

Атап айтсақ, Halyk Bank жыл сайын тікелей және «Халық» қайырымдылық қоры арқылы мәдениет, білім беру, спорт салаларын және әлеуметтік қорғауды қолдау бойынша бірқатар жобаны тұрақты түрде жүзеге асырады. Сонымен қатар, ауыр дертке шалдыққан балаларға көмек көрсететін қайырымдылық қорларына да көмектесіп тұрады.

2022 жылы көрсетілген қайырымдылық және демеушілік көмек көлемі 6,3 млрд теңгеден астамды құрады.

Ең көп үлесті әлеуметтік жобалар алды. Оның жалпы көлемі 5,7 млрд теңгеден асады.

Биыл банк бірнеше ірі қайырымды іс атқарды. Олардың қатарына Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көрсеткен көмекті, қанды Қаңтарда зардап шеккен микро және шағын бизнес өкілдеріне берілген қолдауды, өрттен зардап шеккен Қостанай тұрғындарына берілген көмекті айтсақ болады.

Мәдениет және өнер саласына бөлінген қаржы — шамамен 200 млн. Ең маңызды жобалар:

— Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры;
— Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры - “Сүйікті қаламдағы жаз әуені”;
— Астана Опера.

2022 жылы Halyk Bank спорт пен білімнің дамуына да ерекше үлес қосып, 337 миллион теңгеден астам қаржы жұмсады. Ең маңызды жобаларына Ұлттық Олимпиада комитеті және Пекин 2022 қысқы Паралимпиада ойындарын, қазақтілді БАҚ арасындағы «Еркін сөз» байқауын айта аламыз.

Әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды қолдауға шамамен 40 млн теңге қаржы бөлінді. Ең маңызды жобалар:

• Қазақстандық өсу форумы
• Іскер әйелдер форумы
• «Даму» қазақстандық өндірушілерінің көрмесі
• Сандық көпір
• Ішкі істер министрлігінің көрмесі
• ESG халықаралық конференциясы.

Пікірлер