Қазақша сөйлейтін «Аватар» көмекке мұқтаж — Мақсат Толықбай

2712
Adyrna.kz Telegram

15 желтоқсанда кинематография тарихындағы ең жоғары кассалы және көрермендер тарапынан зор сүйіспеншілікке ие болған «Аватар» фильмі жаңартылған бейнеде, өңделген дыбыспен мемлекеттік тілде қалың көрерменге жол тартты. Алайда туындының қазақ тіліндегі сеансына қойылған уақыт көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Белгілі журналист Мақсат Толықбайдың айтуынша, қазақша сөйлейтін «Аватар» көмекке мұқтаж.

«Фильм күндіз, ел жұмыста жүрген уақытқа, 14:30-ға бір рет қойылыпты. 20-дан астам көрсетілімнің тек бірі ғана қазақша! Орыс тілінде болмасын деп отырған жоқпыз, бірақ кем дегенде тепе теңдік саясаты болуы керек қой?! Осыдан кейін, қазақша дубляжға ешкім бармайды деп қорытынды шығара сала ма? Бұл әсте дұрыс емес. Ыңғайы келсе,  сеансты таңдайық, барайық. Сұраныстың барын көрсін»,—деді ол.

Бұл пікірді желі қолданушылары да қолдады.

«Алматыда Аватардың орысшасы 1100 теңгеден, қазақшасы 2000 теңгеден басталады. Бағада да дискриминация. Бір кем дүние..», «Жекешеленіп кеткен кинотеатрлар мен қожайыны белгісіз жаңа кинотеатрлардың мәселесін қайтадан қару керек!»— деп пікір білдірді оқырмандар.

Пікірлер