Қырғызстанның парламент спикері Нұрланбек Шәкиев Жоғарғы Кеңестің отырысында Табиғи ресурстар, экология және техникалық бақылау министрі Динара Құтмановаға орыс тілінде баяндама жасауға рұқсат бермеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Кешіріңіз, орысша баяндама жасауға кімнен рұқсат сұрадыңыз? Неге қырғызша емес?»,— деп төраға министрдің сөзін бөлді.
Динара Құтманованың «төрағадан» деген жауабына Нұрланбек Шәкиев: «Қазір көріп тұрмын. Біздің елде осындай тәртіп бар, міндетті түрде мемлекеттік тілде баяндама жасау керек. Сіз рұқсат сұрамай, оқуды жалғастыра бересіз бе? Қырғызша жасаңыз», – деді.
Әрі қарай министр сөзін мемлекеттік тілде жалғастырды.
Айта кетейік, жиында Бішкектегі ауаның ластануы мәселесі талқыланып, Табиғи ресурстар, экология және техникалық бақылау министрі атқарылып жатқан шараларға тоқталды.