Антикорға жұмысқа тұрғызып берем деп елді алдаған алаяқ ұсталды

3424
Adyrna.kz Telegram

Қызылордада Антикордың жалған қызметкері ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Биылғы жылдың 13 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп 1988 жылы туған өзін «Антикордың Қызылорда облысы бойынша Өзіндік қауіпсіздік қызметкері» ретінде көрсете отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналастыру сылтауымен қала тұрғынын алдау және оның сенімін теріс пайдалану арқылы 500 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген «Ж» азаматын әшкереледі", - делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер