"Моңғолия бізден әлдеқайда көш ілгері" - қоғамдық белсенді Серік Хасенов

6066
Adyrna.kz Telegram
Әлеуметтік желіде өткір жазбалары, терең пайымы және жанкештілігімен көзге түскен қоғам белсендісі Серік Хасенов Моңғолияда болған көтерілісті талдап, Қазақ елінің саяси жағдайымен салыстырды. Қазақ елінде жиі айтылатын "Екі алып империяның ортасындамыз" түсінігінің тозғанын, қазақты жалған ұранға сендіріп, ұршықша иіріп отырғанын жазды. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады.  
Өзінің фейсбук парақшасында Серік Хасенов "Моңғолияның артымызды ашқанын" жазды.
- Осы күнге дейін революция не митинг туралы айтсаң, талап ету туралы айтсаң "Екі алып империяның ортасындамыз" деген желеуді сөз ететіндер көп болды. Парламенттік басқару жүйесіне тез өту керек, талап ету керек десек "Біз аз халықпыз, күте тұрайық" деген сұңғылалар көп болды... Басыңызды күншығыс жаққа бұрсаңыз Моңғолия деген ел бар. Парламенттік басқару жүйесіндегі ел. Жер көлемі жарты Қазақстаннан сәл үлкендеу. Халқы бізден алты есе аз... Қызығы, сол елде Қытай мен Ресейдің ортасында орналасқан. Жақында халқы үкімет үйіне күшпен кіріп, кінәлілерді жазалауды талап етті. Үкіметті отставкаға кетуін талап етті... Сонда оған Қытай өз тарапынан жемқорлыққа қатысы бар деген шенеуніктерді ату жазасына кескенін айтты. Үш жарым миллион ғана халқы бар Моңғолияға шабуыл жасамапты... мыналар билігіне қарсы көтеріліп жатқанды пайдаланайық демепті... сау, дипломатиялық арақанастағы мемлекеттің әрекетін жасапты... - деді Серік Хасенов.
Автор Қытай мен моңғол қарым-қатынасын сөз ете келе, қазіргі Ресейдің саяси күрделі ахуалын талдауға ойысады. Қазақты жиі бастылмалауға тырысатын "Екі алып империяның ортасындамыз" түсінігінің еш қисынға келмейтіндігін дәлелдеп, көрсетеді.
- Ресейге қазір Моңғолия емес, өзіндегі Саха, Татарстан т.б. сияқты елдерді ұстап қалу әлде қайда маңыздырақ... Моңғолия нақты "Екі алып империя" деген ертегіге нүкте қойған сияқты... бұл біздегі политтехнологияның идеялық сандырағы ғана деген сөз... халықты тіпті соған сендіріп қойған... Біз көшеге шығып талап етпейтініміз, бұрын сеніп келгендей егемендікті бағалауымызда емес, қорқақтығымызда екен... Санымыз Моңғолия халқынан көп па? Көп! Сол секілді Ресей мен Қытайдың ортасындамыз ба? Ортасындамыз! Енді нені сылтау қыламыз? - деді қоғам белсендісі.
Естеріңізге сала кетейік, өткенде Моңғолияда ел қазынасын қанаған жемқорларға қарсы шеру өтіп, халық өз қамсыз билігін бір сілкіп алған еді.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер