"Қазақ елі, туған тіліңді жетімсіреткеніңді доғар!" - қазақшыл азамат Мақсат Арзаман

4007
Adyrna.kz Telegram

Аудармашы, ұлтының жанашыры, тілінің қорғаны Мақсат Арзаман Астана төрінде өткен халықаралық сипаттағы "TEDxAstana" жобасында қазақ тілінің қадір-қасиеті мен қоғамдағы мерей-мәртебесін айшықтап, көзіне жас алды. Туған тілінің тұнық табиғаты, қарқара құндылығы жайында толғанды. Тіл тағдырын өз тағдырым деп білетін азамат көкейтесті мәселені тіке талқылап, көрерменді рухтандырды. Тегінде, бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы баяндайды.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өкілі, аудармашы Мақсат Арзаман күллі жаһан жұртшылығы өткізіп жатқан "TEDx" үлгісіндегі жиында қазақ тіліне қатысты баяндама жасады:

- Елтаңба, көк ту, әнұранмен қатар ана тіліміздің де мемлекеттік мерей-мәртебесі бар. Мұның бәрі Қазақ елі деген тірі ағзаның жанды бөліктері. Қазақ тілін жетімсіретпей, қолымызға алып, жүрегімізге тұтып, өмірімізге кіргізейік, - деді кейіпкер.

"Адырна" ұлттық порталының атынан ана тіліміздің арнасын кеңейтіп, арынды ағысын күшейтіп, тынысын ашып жүрген барша азаматтарға толайым табыстар тілейміз!

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер